Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі атыс: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Шымкенттегі атыс
Оқиға орны. Видеодан кадр: Telegram/qumash_kz

Шымкент қалалық полиция департаменті қару-жарақ дүкеніне жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметті бөлісті. Белгілі болғандай, шетелдік азамат қару-жарақ дүкеніне аңшы мылтығын сатып аламын деген желеумен кірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 20 ақпан күні сағат 14.40-та Шымкент қаласы ПД Тұран АІІБ-ның кезекші бөліміне Рысқұлбеков көшесіндегі қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 1973 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы дүкенге аңшы мылтығын сатып аламын деген желеумен кіргенін анықтады.

Әрі қарай ол қызметкерді өзінің шолақ мылтығымен қорқытып, оған сөредегі "Сайга" маркалы мылтығын алғызып, оны бірнеше оқпен оқтауға мәжбүрлеген. Содан кейін ер адам дабыл қоңырауы бойынша келген күзет агенттігі қызметкерлерін байқап, оларға қарай шолақ мылтықтан оқ атқан, содан кейін атыс басталған", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінен.

Атыс кезінде күзет агенттігінің бір қызметкері қолынан жарақат алса, екінші қызметкерге оқ оның оқ өтпейтін кеудешесіне тиген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық), 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу), 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте полицейлер қару дүкеніне шабуыл жасап, атыс шығарған ер адамды ұстаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010293-symkenttegi-qaru-zaraq-dukenine-zasalgan-sabuylga-qatysty-zana-malimetter-syqty/