jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Астанада телефон алаяқтарының сөзіне сенген зейнеткер 16 млн теңгесінен айырылып қалды

зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада 69 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрығына ілікті. Алаяқтар сөзіне сенген елордалық қария 16 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жәбірленуші белгісіз біреулер телефонға қоңырау шалып, қызының полицияда екендігін және мәселені шешу үшін шұғыл түрде ақша жіберу керек екенін хабарлап, одан 16 млн теңге көлемінде ақшаны алдап алғанын айтқан.

Полиция мәліметінше, 69 жастағы зейнеткер түн ортасында үй телефонына әйел адам қоңырау шалып, жылаған дауыспен "Анашым, мен апатқа ұшырадым, қазір мәселемді шешу үшін полицияда жүрмін. Маған ақша керек" деген. Содан кейін телефонды ер адам алып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қазір әріптесі келіп, қолма-қол ақшаны алып кететіндігін айтқан. Мәселені шешу үшін қанша ақша керек деген сұраққа, олар қанша бар соны беріңіз деп жауап берген. Егде жастағы әйел мән-жайды түсінбей, ақша жинай бастаған. Зейнеткер Меккеге қажылық жасау үшін жинаған 16 млн теңгесін санаған. Бірақ қызының қауіпсіздігі маңыздырақ деп ойлап, ақшаны келген адамға берген. Кейін есіне түсіп, қызының жағдайы жақсы екендігін, өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген ол полицияға жүгінген.

Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында курьер ретінде келіп, әйелден ақша алған 26 жастағы ер адам анықталды. Күдікті "курьер" қызметі үшін оған жалпы соманың 10 пайызы берілуі керектігін мойындаған.

Астанада телефон алаяқтарының сөзіне сенген зейнеткер 16 млн теңгесінен айырылып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.