Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында аптап ыстық болады деп болжануда

Жарияланған күні:

субұрқақта шомылып жүрген балалар
Субұрқақта шомылып жүрген балалар. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер бүгін, 7 маусымда еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болып, аздаған көшпелі бұлт шығады. Күндіз термометр бағаны +34...+36 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градус ыстық болады. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-ке дейін жетеді.

Синоптиктер қалада жоғары өрт қаупіне байланысты дауылдық ескерту жариялады.

Сәрсенбі Астанада да жауын-шашын болмайды, күндіз көшпелі бұлт шығады. Астаналықтар үшін де аптап ыстық күтілуде. Күндіз ауа температурасы +36...+38 градусқа дейін жетсе, түнде +18...+20 градус ыстық болады. Күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Бұған дейін елордада дауылдық ескерту жарияланған болатын.

7 маусымда Шымкентте де қатты ыстық сақталады. Күндіз термометрлер бағаны +37...+39 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градусты көрсетеді. Синоптиктер бүгін қалада жауын-шашын болмайды, көшпелі бұлт шығады деп болжады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023678-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aptap-ystyq-bolady-dep-bolzanuda/