Түркістан облысында кішкентай қыздарға азғындық жасаған 66 жастағы ер адам 15 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысында 66 жастағы ер адам көршісінің кішкентай немере қыздарына жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған деп айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен жас балаларды азғындық жолға түсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2022 жылдың 22 қазанында Түркістан қаласында болған. Сотталушы 1957 жылы туған ер адам сағат 14.00 шамасында танысы С. есімді азаматтың үйіне әңгімелесу үшін барған. Жарты сағаттай шай ішіп, әңгімелесіп болған соң кіре беріс бөлмеден қонақ бөлмеге кіріп тынықпақшы болған. Үй ішінде шүйіркелесіп ойнап отырған көршісінің немерелері - үш бүлдіршін қызды көріп азғындық оймен әрекет еткен.
“2012 жылы туған М. есімді, 2014 жылы туған Г. есімді, 2017 жылы туған М. есімді үш қыз балаға жыныс мүшесін ұстатып, балалардың жыныс мүшесін ұстап, сүйіп, тілдерін сорған. Жас балаларды азғындық жолға түсіру, яғни көрінеу жас балаларға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, өзінің нәпсіқұмарлығын қандырып қылмыстық пиғылын жүзеге асырған. Қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-бөлігінде көрсетілген аса ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қасақана жасаған”,- деп мәлімдеді облыстық соттан.
Түркістан облыстық сотының хабарлауынша, оқиға болған күні кешкі ас үстінде 2014 жылы туған қыз бала тамақ ішуден бас тартып, тілінің ауыратындығын айтып шағымданған. Балалардың анасы әңгімелесу арқылы қыз балаларына жасалған қылмыстық әрекетті білген. Екі қыз бала да көрші атаның дәл осындай әрекеттер жасағанын айтып берген.
“Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, қылмыстық іс бойынша жинақталған дәлелдемелерімен, оқиға болған жерді қарау және беттестіру хаттамаларымен дәлелденген. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 124-бабының 4-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу түріндегі жаза тағайындалған.
Сонымен қатар сотталушы психологиялық және педогогикалық тәрбиелеу құқығынан өмір бойына айырылған“,- деді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Облыстық соттың хабарлауынша, жаза тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайға кінәнің мойындауын жатқызған. Ал ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы 66 жастағы ер адам жәбірленушімен Отырар ауданында да, Түркістан қаласында да көрші тұрған.
Автор Жанар Есенбеков
Түркістан облысы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2023685-turkistan-oblysynda-kiskentai-qyzdarga-azgyndyq-zasagan-66-zastagy-er-adam-15-zylga-sottaldy/