Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрметті қонақтарға: Ақтөбе облысының әкімдігі аяқ киімге арналған 200 губка сатып алған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аяқ киімге арналған губка
Аяқ киімге арналған губка. Көрнекі сурет: Vitalii Bezverkhii/Getty Images

Ақтөбе облысының әкімдігі аяқ киімге арналған 200 губка сатып алған. "Астана" арнасының журналистері шенеуніктерге аяқ киім сүртуге арналған құрал неге керек болғанын анықтауға тырысты.

Телеарнаның ақпаратынша, губкаларды сатып алуға бюджеттен 200 мың теңге жұмсалған.

Белгілі болғандай, бұл әдеттегі процедура - әр 2 жыл сайын аяқ киім сүрту өнімдері сатып алынады екен. Алайда мамыр айының соңында жеткізу туралы келісім жасалғанымен, губкалар әлі келмеген.

Әкімдікте губкалардың құрметті қонақтар мен шетелдік делегацияларға арналғанын түсіндірген. Ауа райының қолайсыздығынан делегаттардың аяқ киімі үнемі кірленетінін және сатып алынған губкалар қонақтарға арналған көліктерге салынатынын айтты.

"Бізде делегациялар қаланың сыртында жүреді, сондықтан мекемеміз оларды қажеттіліктерді қамтамасыз етумен айналысады. Әкімдікте губкаларды әкім де, депутаттар да, ешкім пайдаланбайды. Олар тек үкіметтік делегациялар мен шетелдік инвесторларға арналған", – деді облыс әкімдігінің істер басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.

Айта кетейік, жуырда Антикор қызметкерлері бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланудың бірқатар фактілерін анықтап, жолын кескені туралы хабарланған болатын.

Шымкентте мектептердің бірі 2,7 миллион теңгеге доп сатып алмақ болған – құжаттарда бір баскетбол добының құны бойынша 230 мың теңгеден асатыны туралы жазылған.

Ұлытау ауданындағы мектептердің бірінде бір банка бояуды 2 миллион теңгеге жуық қаржыға сатып алмақшы болғандар әшкереленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024041-qurmetti-qonaqtarga-aqtobe-oblysynyn-akimdigi-ayaq-kiimge-arnalgan-200-gubka-satyp-algan/