jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыдағы аудандардың бірінде үш апта бойы ыстық су болмайды

Қолды сабындап жуу
Қолды сабындап жуу. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматының Наурызбай ауданындағы бірқатар ғимарат пен тұрғын үй үш аптаға жуық уақыт бойы ыстық судан уақытша ажыратылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алматы жылу желілері" ЖШС сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, 2023 жылғы 12-29 маусымы аралығында Наурызбай ауданы аумағында Жуалы – Райымбек – Алтын Орда – Медеубеков көшелерінің жиегінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.

"Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС балансындағы "Премьера" қазандығында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты шектеулер енгізілді"- деп хабарлады "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Алмалы ауданындағы бірқатар үйде суық су өшірілгенін хабарлаған едік.

Алматыдағы аудандардың бірінде үш апта бойы ыстық су болмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.