Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орман өрті: Семейде төтенше жағдай жарияланды

Жарияланған күні:

Орман өрті
Орман өрті. Көрнекі фото: Pixabay.com

Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семейде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрттің шығуына байланысты (Батпаев орман шаруашылығы 66, 67, 55, 42 кварталдарда) Семей қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын", – делінген құжатта.

Әкімдік Абай облысының Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі әлі де сақталуда екенін еске салды.

Еске салайық, 8 маусымда Абай облысындағы Батпаев орман шаруашылығының аумағында алдын ала болжам бойынша 0,3 гектар аумақта ағаштар жанған болатын. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмыстары алты учаскеде жүріп жатқанын, өрттің ауданы шамамен 30 мың гектарды құрайтынын хабарлады.

9 маусым күні сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өртті сөндіруге жеке құрамнан 662 адам мен 177 техника, сондай-ақ 6 тікұшақ жұмылдырылған. Авиациялық техникамен өртті сөндіру үшін 80 рет жалпы көлемі 192 тонна су шашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024162-semeide-orman-ortine-bailanysty-totense-zagdai-zariyalandy/