Жексенбі күні еліміздің ірі қалаларында ауа райы қалай болмақ
Опубликовано:

Синоптиктер жексенбі, яғни 11 маусым күні Астана мен Шымкентте және Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады. Демалыс күнге арналған ауа райы болжамы "Қазгидромет" сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ауа райы болжамы бойынша, бүгін Астанада күндіз ауа температурасы плюс 28-30 градусқа жетеді. Ал түнде ауа температурасы 13-15 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Елордада жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден 7 метрге дейін жетеді.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда күн күркірейді. Ал термометр бағаны күндіз 28-30 градусты, түнде 18-20 градусты көрсетеді. Мегаполисте желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Бірақ найзағай кезінде екпіні 15 м/с жетуі мүмкін.
Синоптик мамандар Шымкент тұрғындарына қатты аптап ыстық болатынын ескертеді. Күндіз ауа температурасы плюс 34-36 градусқа жетеді. Ал түнде ауа температурасы плюс 20-22 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2024243-zeksenbi-kuni-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qalai-bolmaq/