jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Алматы мен Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде

Жауын-шашын
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің болжамынша, бүгін, 13 маусымда мегаполистерде жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, сейсенбіде Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ыстық басылып, күндіз термометр +30...+32 градусты көрсетсе, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болып, найзағай кезінде 13 м/с-ке дейін күшейеді.

Синоптиктер бүгін Астанада да күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжады. Елордада ауа температурасы күндіз +23...+25 градус болса, түнде +12...+14 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның бас қаласында жел күшейіп, күндіз желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін болса, кей уақытта жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

13 маусымда Шымкентте көшпелі бұлт шыққанымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қалада әлі де ыстық сақталады: күндіз мегаполисте ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20...+22 градус болады. Қала тұрғындарына желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с күшейетіні ескертілді.

Бүгін Алматы мен Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram