jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

ҰҚК Қазақстан шекарасындағы көліктердің кептелісін түсіндірді

шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан көліктердің кептелісі байқалды. Оның себебін Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсіндірді, деп хабарлайды ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Ресей шекарасының ("Қайрақ" (ҚР) – "Бугристое" (РФ), "Сырым" (ҚР) – "Маштаково" (РФ) өткізу пункттері), қазақ-қырғыз шекарасының ("Қарасу" (ҚР) – "Ақ-Тілек" (Қырғыз Республикасы) өткізу пункттері) және қазақ-өзбек шекарасының ("Жібек жолы" (ҚР) – "Гишт-Куприк" (ӨзР), "Қазығұрт" (ҚР) – "Ташкент" (ӨзР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨзР) өткізу пункттері) жекелеген бағыттарында адамдар мен көлік құралдарының кептелісі орын алғанын хабарлады.

Оған мынадай жағдайлар:

  • аталған бағыттардағы өткізу пункттерінің кейбірінде ішінара жөндеу жұмыстарының жүргізілуі;
  • маусымдық көкөніс өнімдерін тасымалдауға байланысты шығарылатын жүк тасымалының артуы;
  • көлік тасымалдау ұйымдарының транзиттік әлеуетін жоғарылатуы және туристік кезеңдегі жолаушылар легінің көбеюі себеп болған.

Сонымен қатар ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын хабарлайды.

Шекарадан өтетін көлік құралдарын қарау мен адамдардың құжаттарын тексеруде қазіргі заманғы және автоматтандырылған жүйелерді қолдану арқылы адамдар мен көліктер кептелісін азайту бойынша шаралар қабылдануда.

"Көлік құралдарының жүргізушілері өздерінің қозғалыс бағыттарын жоспарлау кезінде қалыптасқан жағдайды ескерулері қажет", – деп ескертті ведомстводан.

ҰҚК Қазақстан шекарасындағы көліктердің кептелісін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.