Бүгін Қазақстанның мегаполистерінде күн ыстық болады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер бүгін, 15 маусымда еліміздің ірі қалаларында күн ыстық болады деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтерілсе, түнде +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.
Бейсенбіде Астанада да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Күндіз термометр көрсеткіші +24...+26 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.
Метеорологтар Шымкент тұрғындарына аптап ыстық болатынын ескертеді. Бүгін күндіз үшінші мегаполисте ауа температурасы +36...+38 градусқа жетсе, түнде қалада +21...+23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024822-bugin-qazaqstannyn-megapolisterinde-kun-ystyq-bolady-dep-kutilude/