jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін Қазақстанның мегаполистерінде күн ыстық болады деп күтілуде

Көлік тоқтатып тұрған әйелдер
Көлік тоқтатып тұрған әйелдер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 15 маусымда еліміздің ірі қалаларында күн ыстық болады деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтерілсе, түнде +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.

Бейсенбіде Астанада да көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Күндіз термометр көрсеткіші +24...+26 градусқа дейін көтерілсе, түнде +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Елордада желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады.

Метеорологтар Шымкент тұрғындарына аптап ыстық болатынын ескертеді. Бүгін күндіз үшінші мегаполисте ауа температурасы +36...+38 градусқа жетсе, түнде қалада +21...+23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.