jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді деп күтілуде

Дала
Жел. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер бүгін, 20 маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, әлі күнге дейін Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, ел аумағында жаңбыр сақталады.

Мысалы, бүгін еліміздің шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталық өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар бүгін республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте де жел күшейеді. Мысалы, Алматыда желдің жылдамдағы 3-8 м/с болса, найзағай кезінде 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Астанада да күндіз желдің жылдамдағы 9-14 м/с деңгейінде болса, кей уақыттарда 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтмал. Ал Шымкентте желдің жылдамдығы 8-13 м/с деңгейінде болады деп күтілуде, алайда кей уақыттарда 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Бұдан бөлек сейсенбіде Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт шығу қаупі сақталады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.