Алматы әуежайындағы ұзын-сонар кезек пен кептелістің себебі айтылды
Жарияланған күні:
Алматы халықаралық әуежайының әуежайының баспасөз қызметі әуежайдағы ұзын-сонар кезек пен кептеліске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, жазғы демалысқа байланысты жолаушылар санының күрт өсуі байқалуда.
"Жазғы демалыс кезінде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін рейстердің көбеюіне байланысты Алматы халықаралық әуежайында жолаушылар мен қала қонақтары санының күрт өсуі байқалуда", - делінген хабарламада.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі бүгінгі таңда әуежай терминалының жылына 2,7 млн адамды өткізе алатын мүмкіндігі барын атап өтті.
2022 жылы әуежай 7,2 миллионнан астам жолаушыны қабылдаған, биыл жолаушылар санын 8 миллионға дейін жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар әуежайдың баспасөз қызметі осы кезеңде Алматы халықаралық әуежайының аумағында қосымша кезек пен кептеліс болуы мүмкін екенін еске салды.
"Біз өткізу қабілеті 8 млн адамды құрайтын және қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысын тезірек аяқтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деп хабардар етті әуежайдың баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025558-almaty-auezaiyndagy-uzyn-sonar-kezek-pen-keptelistin-sebebi-aityldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.