jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Алматы мен Астанада жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтілуде

Жаңбыр
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 21 маусымда синоптиктер еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +28...+30 градус болса, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады, бірақ найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

21 маусымда Астанада өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр +18…+20 градусты көрсетсе, түнде +8...+10 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей уақыттарда 15-20 м/с дейін жетеді.

Сәрсенбіде Шымкентте көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қалада әлі де қатты ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +33...+35 градусқа дейін көтерілсе, түнде +19...+21 градус болады. Қалада да жел жылдамдығы 8-13 м/с дейін күшейеді.

Бүгін Алматы мен Астанада жел күшейіп, жаңбыр жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.