Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер Құрбан айт мерекесі қарсаңында алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қойлар
Қойлар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 28-30 маусымда болатын Құрбан айт мейрамына қатысты қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

СЭБД Құрбан айтты тойлау кезінде мал сою және сату орындарында санитарлық нормаларды сақтауға кеңес береді.

"Атап айтқанда, әрбір ауыл шаруашылығы малына тиісті ветеринариялық құжаттары бар (ветеринариялық паспорт, ілеспе құжаттар, құлақшалар) малды сату және сою ветеринариялық қызметтің рұқсаты бар орындарда жүргізілуі керек", - деді хабарламада.

Сондай-ақ санитарлық дәрігерлер мал сойылғаннан кейін қалдықтарды уақтылы залалсыздандыруға және шығаруға, жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

СЭБД басшысының орынбасары Гауһар Қаткенованың айтуынша, қазір қалада ішек инфекциясын жұқтыру жағдайлары жиілеп барады.

Осыған байланысты ол қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттердегі іс-шараларды өткізу кезінде мынадай ережелерге ерекше назар аудару қажет екендігін атап өтті:

  • қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметкерлері үшін медициналық тексеруден өткені туралы медициналық кітапшалардың болуы;
  • арнайы киіммен тамақ әзірлеу және дәретханаға барар кезде арнайы киімдерді шешу;
  • тамақ дайындайтын және тарататын жұмысшылардың денесіндегі ашық жерлерінде, қолдарында іріңді жаралар, жеңіл жарақаттар анықталған жағдайда тексеретін жауапты адам болуы керек;
  • іріңді жаралары мен жеңіл жарақаты бар адамдарды жұмыстан шектеп, тамақ пісіруге және ыдыс-аяқ жууға рұқсат бермеңіз;
  • тағамды пісіру технологиясын сақтау;
  • дайын өнімдер үшін шикі етке арналған кескіш тақтайлар, пышақтар, ыдыстарды қолданбаңыз;
  • тез бұзылатын тағамдарды абайлап қолданыңыз;
  • азық-түлікті тоңазытқышта сақтағанда шикі өнімдер мен дайын азық-түлікпен бірге сақтауға болмайды;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы керек;
  • кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ сатып алмауға тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025737-darigerler-qurban-ait-merekesi-qarsanynda-almatylyqtarga-undeu-zasady/