jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Болашақ" стипендиясын қанша қазақстандық иеленді

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілген. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту үшін берілетін гранттарды қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

Президенттің баспасөз қызметінің мәдіметінше, "Болашақ" стипендиясына құжаттар қабылдау биылғы жылдың қыркүйек айының ортасына дейін жалғасатынын айтты. Ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу 2023 жылдың қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бірқатар нақты тапсырма берді.

"Болашақ" стипендиясын қанша қазақстандық иеленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.