"Ерсі қылық жоқ": тойда аяқ киімін шешіп тастап би билеген әйел жұрттың көңілін көтерді (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде тойдағы тағы бір видео кеңінен тарады. Оқырмандар жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әйелдің өнерін жоғары бағалады.
Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.
Кадрдан тойда ер азамет пен әйел арасындағы биден жарыс болғанын, қонақтардың оларға ерекше қошемет жасағанын аңғару қиын емес.
Бұны көрген желі оқырмандары әйелдің биінің ерекше болғанын сөз етіп, пікірлерін жазыр қалдырды.
"Күшті билейді екен", "Той қонақтарының көңілін көтеріп тастады", "Аяғын шешіп тастап би билеу әрі қонақтардың керемет эмоция сыйлау - екінінің бірінің қолынан келе бермейді", "Ырғақты жақсы сезінеді екен", "Тамаша", "Әпшеме көп рақмет", "Тойда сазарып, жақтырмай отырғаннан қарағанда, елдің алдына шығып ойын ойнағанға не жетсін", "Бұл кісіге қарап, билегім келіп кетті", "Бәрі жарасып тұр", "Апайымыз жас кезінде биші болған секілді", "Ерсі қылық көріп тұрған жоқпын. Өзіне жарасып тұр", - деді олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін тойда ойын ойнатқан тамаданы жұрт сынап тастаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026005-ersi-qylyq-zoq-toida-ayaq-kiimin-sesip-tastap-bi-bilegen-aiel-zurttyn-konilin-koterdi-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.