jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді": Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүрілді

Жүк көлігіне салынған дүңгіршек
Жүк көлігіне салынған дүңгіршек. Видеодан кадр: t.me/almaty_akimat

Алматы қаласы әкімдігі тиісті талапты сақтамаған 17 сауда нүктесі бұзылғанын хабарлады. Бұл туралы қала әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 6 дүңгіршек, Абай даңғылында 8 нысан және Орбита-4 шағын ауданында 3 нысан сүрілген.

"Өз бетінше орнатылған дүңгіршектер тротуарға, жол жиегіне шығып кетіп, қаланың сыйқын кетіріп тұр еді. Әдетте, мұндай нүктелер қоқыс жиналатын орынға айналып, өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді", - деді әкімдік өкілдері.

Қала әкімінің бастамасымен биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда нысандарын орнату қағидасы" қабылданған. Қала әкімдігіндегілер егер ереже сақталмаса, сауда нүктелері бұзылатынын атап өтті.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, былтыр Алматыда 500-ден астам заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны анықталып, бүгінде оның 120-сы сүрілген.

"Өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді": Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүрілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.