Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайлықтардың қызығушылығын туғызып отыр": Түркістан облысында мақтаның орнына басқа дақыл егу қолға алынған

Жарияланған күні:

Мақта
Мақта. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында мақта алқабы азайған. Бұған басты себеп ағын су тапшылығы. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақталы алқапта бел жазбай еңбек еткен мақташылардың жыл сайынғы бас ауруы ағын судың тапшылығы. Сол себепті Жетісай мен Мақтарал аудандары мақта алқабының көлемін азайтып, басқа дақылдарды егуді қолға алып отыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте былтыр өңірде 126 мың гектарға мақта егілсе, биыл оның көлемі 15 мың гектарға азайғанын айтты.

"Мақта - суды көп қажет ететін дақыл. Жүгері - фермерлерге көп пайда әкелетін, суды мақта секілді аса қажет етпейтін дақыл. Жүгері өсіру қолға алынып отыр. Сондай ақ маш дақылы да қытайлықтардың қызығушылығын туғызып отыр. Бізден 100 пайызға сатып алмақ. Оның үстіне, маш маусым айында егіледі. Мырзашөлде күн ерте жылынатынын ескерсек, маусымға дейін ерте дақыл егіп, бір маусымда екі түрлі өнім алуға болады екен.

Биыл 600 гектарға пилоттық жоба ретінде маш егіп отырмыз. Егер өнімділігі жоғары болса ары қарай да дамытатын боламыз", - дейді өңір басшысы.

Сондай-ақ облыс әкімі Мақтарал, Жетісай аудандарындағы 140 мың гектар суармалы жер трансшекаралық су көзіне тәуелді екенін айтты.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026656-qytailyqtardyn-qyzygusylygyn-tugyzyp-otyr-turkistan-oblysynda-maqtanyn-ornyna-basqa-daqyl-egu-qolga-alyngan/