Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентауда дәмханаға барған 60-қа жуық адам уланып қалды: қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Дәмхана
Дәмхана. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Кентауда 58 адам дәрігерлерге жүгінді – олардың барлығы бір дәмханада тамақтанған. Былтыр дәл осы мекемеге барған соң 160-тан астам адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Кентауда жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Телеарнаның хабарлауынша, кеше 58 адам, оның ішінде 27 бала медициналық көмекке жүгінген. Олардың барлығы фаст-фуд дәмханаларының бірінде тамаққа тапсырыс берген болып шықты. Қазір 19 адам жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Мамандар зертханалық зерттеу үшін дәмханадан сынама алған.

Сондай-ақ тілшілер атап өткендей, бұл Кентаудағы жаппай тамақтан уланудың бірінші жағдайы емес – былтыр күзде осы жергілікті дәмханадан тамаққа тапсырыс берген 168 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды. Содан кейін мейрамхана уақытша жабылған болатын. Санепидбақылау мекеме қожайынында санитарлық құжаттары, аспазшылардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамалары болмағанын анықтады.

"Барлық науқас дене қызуының көтеріліп, қайта-қайта құсып, іш өтуге шағымданған. Әркім өз ауруын "Ризық Рауаны" дәмханасында жеген тамақпен байланыстырады.

Бүгінде кафенің қызметі тоқтатылды, жоспардан тыс тексеру басталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тартылды, қылмыстық іс қозғалды. Қазір індет ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда", – деді Есмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026719-kentauda-damxanaga-bargan-60-qa-zuyq-adam-ulanyp-qaldy-qylmystyq-is-qozgaldy/