Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болды

Опубликовано:

Баспалау машинкасы
Баспалау машинкасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

2 ақпан Қазақстанда Ұлттық басылым күні болып бекітіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында хабарлады.

"Жағымды жаңалығымыз бар. 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді.

Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды", – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамыр айында Ұлттық басылым күні мерекесін бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланған болатын.

Құжатта ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдерде дәстүрге айналғаны, сондықтан БАҚ-тың бастауында тұрған "Қазақ" газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың мәні зор екені айтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026924-qazaqstanda-tagy-bir-mereke-paida-boldy/