jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде 40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Көшеде телефон қарап кетіп бара жатқан қыз
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 1 шілдеде Қазақстанның үш ірі қаласында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күн шуақты болады деп күтілуде. Ауа райы болжамы туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды.

Метеорологтардың болжамынша, бүгін Алматыда көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +29...+31 градусқа дейін көтерілсе, түнде +18...+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шілденің алғашқы күнінде Астанада көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометр +27...+29 градусты көрсетсе, түнде +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанадағыдай желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.

1-шілдеде Шымкентте қатты ыстық күтілуде. Ауа температурасы күндіз +35...+37 градусқа дейін көтерілсе, түнде ауа температурасы +20...+22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с болады деп болжанған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram