jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Дөрекі жауап беріп, жол жүгін сындырды": Air Astana желідегі жолаушылар шағымына жауап берді

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana жолаушысы әлеуметтік желіде жол жүгінің бүлінгеніне шағымданды. Әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Стюардтар бізге дөрекілік танытты. Олар өте дөрекі жауап берді... Олар біздің жол жүгімізді сындырды. Жүк сөмкесінде сыртында "әйнек бар" деп жазылса, алдыңғы екі дөңгелігін сындырған", - деп шағымданды жолаушы Instagram парақшасында бүлінге шабаданын көрсетіп.

Бейнежазба авторының жол жүгіне қатысты мәселені шешкенін әуе компаниясының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлады.

"28 маусымда Алматы-Стамбул рейсі бойынша KS 911 рейсі қонған кезде әлеуметтік желілерде жолаушы түсірген видеоға қатысты жолаушылардан борттағы қызмет көрсетуге қатысты шағымдар болмағанын хабарлаймыз. Видео авторының багажына қатысты әріптестеріміз оның өтінішін қанағаттандырды", - деп жауап берді Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы сондай-ақ багажды тасымалдау туралы ақпарат әуекомпанияның сайтында бар екенін еске салды.

Әу компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк бүлінген жағдайда сіз багажды іздеу Lost&Found бөліміне хабарласуыңыз немесе веб-сайтқа келесі құжаттарды қоса сұрау жіберуіңіз керек:

  • Lost&Found бөліммен берілген жүк көлігі туралы есеп (PIR);
  • багаждың бүлінуіне байланысты келтірілген зиянның мөлшері көрсетілген анықтама;
  • отырғызу талоны;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • бүлінген жол жүгінің фотосуреттері"
"Дөрекі жауап беріп, жол жүгін сындырды": Air Astana желідегі жолаушылар шағымына жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.