jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Қырғызстанда Күдебаевтың елден қашуы ісі бойынша бес адамға үкім шықты

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қырғызстанда Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашуы, қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтуі ісі бойынша бес фигурантқа үкім шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның меншікті дереккөздерінің мәліметінше, қазақстандық бұрынғы-генерал Серік Күдебаевтың елден қашу ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында бес фигурантқа үкім шыққан.

Анықталғандай бұған дейін айыпталушының барлығы кінәсін мойындау туралы келісімге қол қойған.

"Іс бойынша төрт айыпталушының азаматтық тұлға екені, тағы біреуі Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы қызметкері екені белгілі. Істі әскери прокуратура жүргізген. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа жолданған.

Алдын ала мәлімет бойынша барлық айыпталушыға 350 мың сом (1,8 млн теңге – ред.) айыппұл салынған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық бұқаралық ақпарат құралдары Серік Күдебаевтың шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша төрт күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.

Бейресми ақпарат бойынша бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде Қырғызстан Шекара қызметінің сарбазы оның Қырғызстан аумағында болуын заңдастырған.

БАҚ: Қырғызстанда Күдебаевтың елден қашуы ісі бойынша бес адамға үкім шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.