jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Көшедегі адамдар
Көшедегі адамдар. Көрнекі фото: piqsels.com

Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымдағы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 19 879 003 адам болды.

Бұл ретте қалада тұратындар саны 12 297 095-ке, ауылда тұратындар саны 7 581 908-ке жеткен.

Статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер көп. Елімізде 9 705 372 ер мен 10 173 631 әйел бар.

Биыл қаңтар-сәуір аралығындағы мәлімет бойынша 123 368 қазақстандық дүниеге келіп, 42 128 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан халқының саны 17,9 млн адамды құраған еді. Оның 10,3 миллионы қала тұрғындары, 7,5 миллионы ауыл тұрғындары болды.

2021 жылы қазақстандықтардың саны тағы өсіп, 18,8 миллионға жетті. Оның ішінде 11,1 миллионы қала, 7,7 миллионы ауыл тұрғыны.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.