Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, жаңбыр, аптап ыстық: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 4 шілдеде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауып, түнде және таңертең солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар бүгін Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктер сейсенбіде ел мегаполистерінде ауа райы қандай болатынын да болжады. Мамандардың болжамынша, бүгін Астанада жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтерілсе, түнде +16...+18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с.

Алматыда найзағай ойнауы мүмкін. Десе де, қалада күндіз +33...+35 градусқа дейін ыстық болмақ. Ал түнде ауа температурасы +18…+20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, бірақ күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Мегаполисте күндіз ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін көтерілсе, түнде +20…+22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Бұдан бөлек, синоптиктер бүгін Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігі мен батысында Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027423-bugin-elimizdin-megapolisterinin-birinde-kun-kurkirep-35-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilude/

pixel