Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреу төсегімді итеріп жатыр деп ойладым": еліміздің батысында тұрғындар жер сілкінісін сезді (видео)

Опубликовано:

Үйлеріп тастап, көшеге шыққан Баку тұрғындары
Жерасты дүмпуінен шошып, үйлеріп тастап, далаға шыққан Баку тұрғындары. Фото: twitter.com/AzeriTimes

Бүгін түнде Каспий теңізінде 5,4 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Әзербайжанның шығысында, сондай-ақ Қазақстанның батысында кейбір тұрғындарға сезілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы сайтының хабарлауынша, жер сілкінісі бүгін түнгі сағат екі шамасында болған. Жер сілкінісінің ошағы Каспий теңізінде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 5,4, тереңдігі – 35 километр.

Жергілікті пабликтердің жазуынша, жерасты дүмпулерін Қазақстанның батысындағы тұрғындар сезген.

"Менің залымда жарықшақ пайда болды", "Маңғыстауда жерасты дүмпулері сезілді... өзім де сезіп, біреу төсегімді итеріп жатыр деп ойладым", "Жаңаөзен. Біз сездік", "Жаңаөзен. Біреу кереуетті тербеткен сияқты болды. Анық сезілді", - деп жазды желі қолданушылары zhanaozen_online парақшасында жарияланған видео сипаттамасына.

Баку тұрғындары да жергілікті уақыт бойынша түн ортасында жер сілкінісін сезген. Sputnik Азербайжан агенттігінің жазуынша, жер сілкінісінің ошағы елдің Хачмаз облысынан солтүстік-шығысқа қарай 80 километр жерде орналасқан. Бакудың кейбір тұрғындары қорыққанынан үйлерінен көшеге қарай жүгірген.

Интерфакс агенттігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Дағыстанда да сезілген. Қирау туралы ақпарат түспеген.

"Мәскеу уақытымен 23:18-де Дағыстан Республикасының геофизикалық қызметіне 23:01-де Дербент қаласынан 100 километр жерде Каспий теңізінде 8 км тереңдікте магнитудасы 5,9 болатын сейсмикалық құбылыстың тіркелгені туралы ақпарат түсті", - деп хабарлаған агенттікке Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағыстан бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027426-kaspii-tenizinde-zer-silkinisi-boldy-zer-dumpui-qazaqstannyn-batysynda-sezildi-video/

pixel