Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында түлкі кішкентай баланың бетін тістеп алған

Опубликовано:

түлкі
Көрнекі фото: pixabay.com

Бір күн бұрын, 4 шілдеде Ақтөбе облысындағы Қобда аудандық ауруханасына түлкі тістеп алған төрт жасар бала жеткізілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, баланың маңдайында, мұрнында жаралар, ал аяғында сызаттар бар.

Оқиға бала әкесі мен анасының жанында жүрген кезде Жарық ауылындағы өзен жағасында болған. Баланы тістеген жыртқыш аң ұсталып, өлтірілген деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жаралар емделіп, тігілді, бала құтырмаға қарсы екпе алды", – деп толықтырды ведомстводан.

Ветеринария басқармасы түлкінің құтыру ауруына тексерілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027592-aqtobe-oblysynda-tulki-balanyn-betin-tistep-algan/

pixel