jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Елімізде Астана есімді қанша адам бар

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ертең, 6 шілде - Астана күні. Осыған байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып, елімізде елордамен аттас азамат бар екенін анықтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде елордамыз – Астанамен аттас 26 азамат тұрады екен.

Сонымен қатар 31 қазақстандықтың есімі Бәйтерек болса, төрт азаматтың аты – Ақорда. Бюроның дерегінше, елімізде сондай-ақ Бейбітшілік есімді үш адам тұрады.

Еске сала кетейік, Астана күні 6 шілде, бейсенбіге сәйкес келіп тұр.

"Электрондық үкімет" порталында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, демалыс күні 1 шілде сенбіден 7 шілде жұмаға ауыстырылғаны туралы жазған едік.

Осылайша сенбі, 1 шілде жұмыс күні болса, одан кейін ел тұрғындары төрт күн қатарынан – 6-9 шілде аралығында демалады.

Сондай-ақ Қазақстан бойынша Астана күніне орай бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда.

Елімізде Астана есімді қанша адам бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.