jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Нөсер жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

"Қазгидромет" РМК мамандары мереке күндері, яғни 6-8 шілде күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі.

6-7 шілде күндері орталықта, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауса, 6-8 шілдеде еліміздің солтүстігі мен шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Батыста, оңтүстікте күндізгі температура біртіндеп жоғарылап, аптап ыстық болады, яғни +33...+42 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік-батыста және орталықта +22...+ 35 градус, солтүстікте +23...+30 градус, шығыста және оңтүстік-шығыста +20...+30 градус жылы болажы деп болжануда.

Мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.