Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұған дейін екі адамның сүйегі табылған": Қостанайдағы учаскеден тағы да адам қаңқасы табылды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлерінің тергеу жұмыстары
Қостанайда адам сүйегі табылған. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанайда құбырларды ауыстыру орнынан тағы адам сүйектері табылған. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Полиция мәліметінше, адам сүйектері Қостанай қаласындағы Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру орнынан табылған.

"Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылған еді", - делінген ресми хабарламада.

Полиция дерегінше, қазір тиісті сараптамалар тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізуді жалғастыруда.

Айта кетейік, кеше осы учаскеден коммуналдық қызметкерлер адам сүйегін тауып алғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027688-bugan-deiin-eki-adamnyn-suiegi-tabylgan-qostanaidagy-ucaskeden-tagy-da-adam-qanqasy-tabyldy/

pixel