Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сотталған бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Астана соттары ресми сайтында хабарлады.

"2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты жемқорлық дауына іліккен еді. Заңгер алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды. Ал Мұхамеиұлының әйелі пара беруге оқталған деген күдікке ілінген.

Антикор мәліметінше, Арыстанбек Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату сылтауымен адвокат қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған.

Айта кетсек, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027729-arystanbek-muxamediulynyn-advokaty-qamauga-alyndy/

pixel