Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің батысында күн қатты ыстық болады

Опубликовано:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін еліміздің батысында күн ысиды. Сондай-ақ еліміздің бірқатар аймақтарында өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

6 шілде күні болатын қауіпті метереологиялық болжамдарға сәйкес, еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі.

"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында найзағаймен бірге жаңбыр жауып, бұршақ және дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады", - деп жазды синоптиктер.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027751-bugin-elimizdin-batysynda-kun-qatty-ystyq-bolady/

pixel