Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер алдағы уақытта Алматыда қай көшелер жабылатынын айтты

Опубликовано:

жол
Көрнекі фото: zhaikpress.kz

Алматыда жоспарлы жол жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы күндері бірнеше ірі даңғылда көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, жоспарлы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты (қолайлы ауа райы жағдайында) мына аумақтарда көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • 8 шілде сағат кешкі 23:00-ден 10 шілде таңғы 06:00-ге дейін – күндіз және түнде Абай даңғылының бойымен Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін шығыс бағытта, сондай-ақ Тілендиев көшесінің бойымен солтүстікте Сәтбаев көшесінен көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жабылған жолдарды Өтеген батыр көшесі, Сәтбаев көшесі және Төле би даңғылының бойымен айналып өтуге болады.
  • 9 шілде сағат кешкі 21:00-ден 11 шілде таңғы 06:00-ге дейін – күндізгі және түнгі уақытта Абай даңғылы бойымен Назарбаев даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін батыс бағыттағы көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жабылған жолдарды Құрманғазы көшесі, Сәтбаев көшесі, Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы бойымен айналып өтуге болады.
  • 10 шілде сағат кешкі 22:00-ден 13 шілде таңғы 06:00-ге дейін – күндіз және түнде әл-Фараби даңғылының бойымен Жароков көшесінен Ж.Үшкемпіров көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен шектеледі. Жабылған жолдарды Жароков көшесі, Тимирязев көшесі, Сейфуллин даңғылы, Исиналиев көшесі және Восточная көшесінің бойымен айналып өтуге болады.

"Алматы полиция департаменті көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жол жүру бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды", - деп ескертті ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027880-policeiler-aldagy-uaqytta-almatyda-qai-koseler-zabylatynyn-aitty/

pixel