jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанада алдағы үш күнде екі көшедегі көлік қозғалысы тоқтатылады

Фото
Көрнекі фото: usolie.info

Елордада жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ғабдуллина мен Иманбаева көшелерінің учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Ведомтсвоның хабарлауынша, елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, М.Ғабдуллин және Ш.Иманбаева көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастайды.

"Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 10-11 шілде күндері М.Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі учаскесінде көлік қозғалыс толығымен жабылады.

Сондай-ақ 9-10 шілде аралығында Ш.Иманбаева көшесі бойында Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады", - делінген хабарламада.

Ведомствода елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертті.

Астанада алдағы үш күнде екі көшедегі көлік қозғалысы тоқтатылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.