Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"42 градусқа дейін ыстық, шаңды дауыл, қатты жел": бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Кітап оқып отырған ер адам
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

9 шілдеде еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық мен қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматы қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Синоптиктер 9 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтілетенін болжады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнып, бұршақ жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. 9 шілдеде облыстың батысында, орталығында өрт шығу қаупі жоғары екені ескертілді.

Бүгін күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді. Бүгін күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.

Жексенбіде Ақтөбе облысында күндіз 34-39 градус қатты ыстық болады деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейән жетеді. Синоптиктер бүгін күндіз 40 градус қатты ыстық күтіліп, облыста өрт шығу қаупі жоғары болатынын ескертті.

9 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бүгін Павлодар облысының шығысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысы, оңүстігі мен шығысында шаңды дауыл тұруы ықтимал. Күндіз облыстың батысы, оңүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус, Атырау қаласында 40-42 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтілуде. Мамандар 9 шілдеде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары болатынын ескертті.

Жексенбіде Түркістан облысының тауларында күндіз күн күркіреп, дауыл болады деп күтілуде. Шығыстан жел соғып, күндіз облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі, батысы мен солтүстігінде, шөлді аудандарында өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027910-42-gradusqa-deiin-ystyq-sandy-dauyl-qatty-zel-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel