Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының барахолка базарындағы өрт сөндірілді

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Фото: ТЖМ

Бүгін Алматыдағы "Кенжехан-2" базарында өрт шығып, адамдар эвакуцияланған болатын. Өрттің сөндірілгені туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 9 шілде сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына жіберілді.

"Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқан. Жедел Штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды-көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді",- делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

ТЖМ өкілдері тауарлық-материалдық қоймалардың жануына, көптеген көліктің үлкен жану жүктемесіне, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те жойылғанын атап өтті.

"Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күштері мен құралдары 74 адам, 20 бірлік техника құрамында және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған", - деп хабардар етті ведомстодан.

Айта кетейік, бүгін түскі сағат 12 шамасында Алматыдағы "Кенжехан-2" базарында өрт шыққанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027938-almatynyn-baraxolka-bazaryndagy-ort-sondirildi/

pixel