Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аман қалу үшін терезеден секірді: Алматы полициясы іс тоқтатылғаны туралы қауесетке жауап берді

Опубликовано:

қыз
Қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы ПД баспасөз қызметі желіде тараған "суицидке итермелеуге қатысты жақында болған оқиға бойынша қылмыстық іс тоқтатылды" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсауға итермелеп, екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен қызға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды деп түсіндірді.

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" және Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Бопсалау" бойынша тергеу жалғасуда. Қылмыстық істің барлық қатысушысы мен куәгерін тергеу анықтады. Басты күдікті тұлға анықталды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

ПД өкілдері қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салайық, Ұзынағаш ауылының 20 жастағы тұрғыны өзіне зорлық-зомбылық көрсетіп, жеті қыз бен бір жас жігіттің қорқытуының құрбаны болғанын хабарлаған едік.

Құқық қорғаушылар жәбірленуші қызды бес жігітке сатып жібереміз деп қорқытып, 100 мың теңге бопсалағанын айтты. Олардың сөзінше, қыз өзін құтқару үшін терезеден секіріп кеткен. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028035-aman-qalu-usin-terezeden-sekirdi-almaty-policiyasy-is-toqtatylgany-turaly-qauesetke-zauap-berdi/

pixel