Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2023 қорытындысы: қанша талапкер ереже бұзғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Опубликовано:

Талапкерлер
Талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаншы Ерғалиев биылғы негізгі ҰБТ-ның қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, биыл негізгі ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер 305 мың өтініш білдірген.

Олардың 162 мыңы ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қоса есептегенде 291 мың рет тест тапсырған. 162 мың талапкердің 135 мыңы шекті бал жинай алған, бұл қатысушылардың жалпы санының 83 пайызын құрайды.

"Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш. 2022 жылы 67 пайыз болған еді. ҰБТ-ның орташа балы өткен жылмен салыстырғанда 7 балға өсті. Биыл орташа балл 73 болды. Бес адам 137 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті. 2 868 үміткер 120-дан астам балл жинады", – дейді вице-министр.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ науқаны кезінде смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды өзімен бірге алып кіруге тырысқан 402 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

Тағы 312 адамның ереже бұзғаны үшін тест нәтижелері жойылып, олар аудиториядан шығарылған. Сондай-ақ кейбір талапкерлерден жасырын камералар, шағын құлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленген.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 18 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028040-ubt-2023-qorytyndysy-700-den-astam-talapker-smartfon-men-spargalka-usin-testten-sygarylgan/

pixel