Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында таудан құлап кеткен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Құтқарушылардың іздестіру жұмыстары
Құтұарушылар. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен бірнеше күн бүрын таудан құлап кеткен ер адамның денесін теңіз деңгейінен 3800 м биіктіктен тапты. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Түркістан облысында жоғалған туристің денесін тау басынан түсіру жұмыстары басталды.

"Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 жылы туған жоғалған адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда", - деп хабардар етті ведомстодан.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылған.

Айта кетейік, 3 шілдеде Түркістан облысында 56 жастағы ер адамның таудан құлап кеткенін хабарлаған едік.

6 шілдеде таңғы сағат 6.30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберіліп, бірнеше күн іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028222-turkistan-oblysynda-taudan-qulap-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel