jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Арқан үзіліп кеткен: Түркістан облысында таудан құлаған ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

    Сайрам шыңы
    Сайрам шыңы. Фото: facebook/sugnpp.kz

    Түркістан облысында таудан құлап кеткен 56 жастағы ер азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шықты. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлады.

    5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмады.

    Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Қасқасу кемпингінде Түркістан облысы полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД, Шымкент қаласы Альпинизм және спорттық туризм федерациясы қызметкерлерінен штаб ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды.

    6 шілдеде таңғы сағат 6.30-дан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан 4 альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.

    ​​Құрылған штабтан оқиға орнына дейінгі жалпы арақашықтық 15 км құрайды. Тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты құтқару-іздестіру жұмыстары созылуы мүмкін.

    Іздестіру жұмыстарына қосымша Сайрам-Өгем ұлттық паркінің орманшыларынан ат патрульдері тартылатын болады.

    Құтқарушылар альпинисттік құрал-саймандармен, спутниктік телефондармен, радиобайланыс құралдарымен және 3 тәулікке жететін азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

    Арқан үзіліп кеткен: Түркістан облысында таудан құлаған ер адам үш күннен бері табылмай жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.