Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің мегаполистерінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Опубликовано:

Көшеде жаяу кетіп бара жатқан адамдар
Жазда. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сипоптиктер сәрсенбі, 12 шілдеде Алматы, Астана және Шымкентте күн қатты ыстық болып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың хабарлауынша, бүгін күндіз Астанада ауа температурасы +37...+39 градусқа дейін көтерілсе, түнде термометрлер плюс +22...+24 градусқа дейін төмендейді. Елордада бүгін жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Синоптиктер 12 шілдеде Алматыда күндіз +33...+35 градус ыстық болады, түнде қалада ауа температурасы +23...+25 градус болатынын болжады. Оңтүстік мегаполисте жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкентте сәрсенбіде күндіз термометр көрсеткіші +37...+39 градусқа дейін көтерілсе, түнде +25...+27 градусқа дейін төмендейді. Үшінші мегаполис тұрғындарына желдің күшеюі ескертіледі. Жел екпіні 8-13 м/с-қа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028287-bugin-elimizdin-megapolisterinde-40-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-bolady-dep-kutilude/

pixel