Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұшаққа ұлттық аспаптарды алып кіруге рұқсат беріле ме: министр жауап берді

Опубликовано:

Домбыра
Домбыра. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда ұшаққа ұлттық аспаптарды алып кіруге рұқсат беріле ме? Бұл сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз оларды (ұлттық аспаптарды) ұшаққа қосымша алып кіруге рұқсат береміз деп тұрмыз. Бірақ бұл жерде екі мәселе туындайды. Біріншісі – егер жолаушы жоғары жаққа қол жүгін қойса, домбыраны қоюға орын қалмай қалады. Екіншісі – жоғары жақтағы жүк қоятын жағына аспап сия ма? Әрине, домбыраның өзі сыяды, бірақ әр аспаптың өз қапшығы болады ғой", – дейді министр үкімет кулуарында.

Марат Қарабаевтың сөзінше, қазір аталған мәселе әуе компанияларының өкілдерімен талқыланып жатыр.

"Нақты мына мерзімде шешім қабылданады деп айта алмаймыз. Өйткені бұл әуе компанияларымен, осындай аспаптарды алып жүретін адамдармен қосымша талқыланып жатыр. Оның нәтижесі біржақты болады деп қазір айту қиын. Ең бастысы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету", – дейді ведомство басшысы.

Министр ұлттық аспаптарды ұшақ бортына кіргізуге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылданатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудан Алматыға қайтып бара жатқан театр әртістері әуе компаниясының қызметкерлері ұлттық аспаптарын бортқа алып кіруге рұқсат бермегенін айтып, жанайқайын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028405-usaqqa-ulttyq-aspaptardy-alyp-kiruge-ruqsat-berile-me-ministr-zauap-berdi/

pixel