Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әскери құрылыс" АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты іс: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қорғаныс министрлігі12
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденов пен басқаларына қатысты іске байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді.

Агенттік мәліметінше, қазіргі таңда 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңге.

Осы орайда Қорғаныс минстрлігі бұл іске қатысты ресми мәлімде жасады.

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталғанын мәлімдейміз.

Қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды", - деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Ведомство кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шара қабылдағанын атап өтті. Атап айтқанда:

  • "Әскери құрылыс" АҚ басшылығы толық ауыстырылған, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілген.
  • Бұл заңсыз әрекеттерді 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары жасағаны анықталған.
  • Барлық бұзушылық бойынша жедел ақпараттандыру мен тергеу іс-шаралары сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен қолға алынған.

"2022 жылдың басынан бастап "Әскери құрылыс" АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ден аса компания медиативтік келісімдерге қол қойды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік кәсіпкерлер алдындағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарланғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028440-askeri-qurylys-bassylygyna-qatysty-is-qorganys-ministrligi-malimdeme-zasady/

pixel