Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 тілде еркін сөйлейтін кішкентай полиглот желі қолданушыларын тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Магда Бекахметова
Магда Бекахметова. Видеодан кадр: Іnstagram.com/khabartv

"Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасының қонағы болған 11 жасар алматылық полиглот қыз көрерменді өзінің білімімен тәнті етті, деп жазады KAZ.N UR.KKZ

Бесінші сыныптың оқушысы Магда Бекахметова төрт тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлейді, тағы үш тіл – испан, түрік және араб тілдерін меңгеруде.

Кішкентай полиглоттың арманы – әлемнің бүкіл тілін меңгеру.

"Әл-Фараби 70-80 тіл білген. Содан асып, әлемнің бүкіл тілін меңгергім келеді. Екіншіден, бүкіл әлемнің адамдарын бізге тартсам деймін. Мысалы, жеті тіл меңгергенде, кем дегенде жеті адам елімізге келсе, қандай жақсы", – деген Магда тіл үйренуді екі жасынан бастағанын айтады.

Бүгінде Алматыдағы №104 жалпы білім беретін мектепте оқитын Магдаға тіл үйренуде үйдің ауласындағы интернационалистік балалардың ортасы да жақсы әсер еткен. Яғни, ол ұйғыр, орыс балаларымен ойнап жүріп, қарапайым сөздерді жаттап алған.

Ал ағылшын тілін үйренуді YouToube желісіндегі алфавиттен бастап, кейін кітаптан өз бетінше үйреніп алған.

"Бес жасымда оқуға құмарлығым болатын. Әпкеммен кітапханаларға жиі баратынбыз. "Капитан Джеймс Кук. Басынан өткен хикаялары" деген үш тілді кітап болатын. Сонда ең жиі қолданылатын сөздерді есімде сақтап алдым", – дейді полиглот қыз.

Магда қытай тілін әпкесінің телефонындағы қытай тілін үйрететін қосымша арқылы меңгерген. Айтуынша, тіл үйренген сайын адамның миы да дами бастайды.

Полиглот қыздың алғырлығына сүйсінген желі қолданушылары: "Қандай алғыр қыз", "Жарайсың! Кез келген баланың қолынан келмейді", "Көз тимесін. Алар асуың мол болсын полиглот қыз. Тамаша", "Аман жүр", - деп пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2028481-4-tilde-erkin-soileitin-kiskentai-poliglot-zeli-qoldanusylaryn-tanti-etti-video/

pixel