jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Досаев Алматы жолдарында жиектастар неге жиі ауыстырылатынын түсіндірді

Жол жиегі
Жол жиегі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұрғындардың жол жиегі неге жиі ауыстырылады деген сауалына жауап берді. Ол бұл - қаланы инфрақұрылыспен қамтамасыз ету мәселесі екенін атап өтті, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала әкімінің халықпен кездесуінде Бостандық ауданының тұрғыны Алматыда жол жиектастарының үздіксіз ауыстырылып жатқанына наразылығын білдірді. Ол жиектастар бұзылмаса да, неге ауыстырыла беретінін сұрады.

"Жиектасты екі түрі бар. Құмнан жасалған түрі бар, оның пайдалану мерзімі бес жылдан аспайды. Граниттен жасалатыны бар, олар 15 жылға дейін тұрады. Жиектасты алып тастаған соң асфальт төселмей тұрып ретке келтіріледі.

Жасалғаннан кейін жиектасты қайтадан төсейді. Норма бойынша төсеуге жарамайтындары ауыстырылуы керек", - деді қала әкімі.

Ол бұл мәселені үнемі бақылауда ұстайтынын және оның әкім ретіндегі міндеті барлық жиектасты ауыстыру емес, қалыпты жолдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету екенін айтты.

Сонымен қатар қала әкімі Алматы жолдарындағы асфальтты ауыстыру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, кейде асфальт төселгеннен кейін де инженерлік коммуникацияларда проблемалар туындайды. Досаев асфальттағы қалпына келтіру жұмыстары көп жағдайда коммуникация проблемаларымен байланысты екенін атап өтті.

"Дұрысын айтқанда, барлық инженерлік коммуникацияларды бірден жөндеп, ретке келтіріп, асфальт төсегеннен кейін, ештеңеге қол тигізбеу керек. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болуда.

Күрделі жөндеу мерзімі әлі бітпей, жаңа жөндеудің уақыты келмесе, учаскені жөндеуге ақша бөлу мүмкін емес. Алматыда асфальт жиі ауыстырылып жатыр десе, мердігерлер өздерінің бітпеген жұмыстарын жасап жатыр деген сөз", - дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Досаев Алматы жолдарында жиектастар неге жиі ауыстырылатынын түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.