jitsu gif branding logo appbranding logo app

Әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайында жолаушылар жиналуы мүмкін екенін ескертті

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталды, осыған байланысты Air Astana Telegram-дағы ресми арнасында жолаушыларға үндеу жасады.

Әуе компаниясы хабарлағандай, Астана халықаралық әуежайында 15 шілде мен 8 тамыз аралығында ұшу-қону жолағында жыл сайынғы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс уақыты: күн сайын 11:00-ден 18:00-ге дейін.

"Осы кезеңде біз жолаушыларды әуежайға ерте келуін және тіркеуден алдын-ала өтуін сұраймыз. Ұшу кестесін түзетуден туындаған жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты әуежайда жолаушылар кептелісі болуы ықтимал, – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Жолаушыларға ұшар алдында әуе компаниясының сайтында рейстердің жағдайы туралы ақпаратты тексеруді сұрады.

Әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайында жолаушылар жиналуы мүмкін екенін ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.