jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін ел аумағында 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Қалпақ киген әйел
Қалпақ киген әйел. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 17 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Дүйсенбіге арналған ауа райы туралы мәлімет "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде құбылмалы ауа райы сақталады, яғни, кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл күтіледі.

Ал елдің қалған өңірлерінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, түнде еліміздің солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Сонымен қатар бүгін күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында, Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында 35-41 градусқа дейін қатты ыстық болмақ.

Ал Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында өрт шығу қаупі сақталады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.