jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Саунаның ішінде жасақталған": Алматы маңындағы балалар лагері ата-аналардың наразылығын тудырды

Өзен жағасында отырған балалар
Өзен жағасында отырған балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы қаласынан тыс жерде орналасқан балалар лагерінен кадарлар пайда болды. Ата-аналардың сөзінше, лагерь саунаның ішінде жасақталған. Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ирина есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында лагерьдің видеосын жариялады. Оның сөзінше, бұл кадрларды Алматы қаласының Жетісу ауданынан демалуға кеткен балалардың ата-аналары түсірген.

Әйелдің жазуынша, көптеген ата-ана балалардың орналасқан лагері туралы фото-видео мәлімет алған кезде шошып кеткен. Кейбіреулері сол күні баласын алып кетуге келген.

"Ұлдар мен қыздар топтасып бір қапырық бөлмеде жатқан. Оларды еденге немесе екі қабатты кереуетке жатқызған", - делінген жазбада.

Видеода ата-аналардың бірі балалардың жатын бөлмесінде дем алу мүмкін еместігін айтады.

Сондай-ақ ата-аналардың бірі түсірген видеодан ғимаратта балалардан бөлек, ересектердің де жүргенін байқауға болады.

Бұған қатысты Алматы қаласының білім басқармасы пікір білдірді. Ведомство хабарлауынша, ата-аналардың шағымынан кейін басқарманың қызметкерлері шұғыл түрде лагерьге барған.

"Білім басқармасы осы ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады. Қазіргі уақытта балалар өз үйлеріне жеткізілді, жақын арада балалар мектеп бекіткен ережелерді қатаң сақтай отырып, лагерьлерге қайта жіберілетін болады", - делінген хабарламада.

"Саунаның ішінде жасақталған": Алматы маңындағы балалар лагері ата-аналардың наразылығын тудырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.